07.10.2026, 07:30

Оңтүстікте үсік, солтүстікте қар: 7 қазандағы ауа райы тұрғындарды әбігерге салады

фото: Xuanyu Han/Getty Images

2026 жылғы 7 қазан, сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысында, солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар күтіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын болуы мүмкін. Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігінде, сондай-ақ Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетіндегі температура 1 градусқа дейін төмендейді.

Ал Жетісу облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Жетісу және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Ал Қызылорда, Ұлытау, Ақтөбе және Атырау облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді деп күтіледі.