Жалпы отырыс барысында депутаттар бұл ұсынысқа қолдау білдірді.
Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы Сотының судьялары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
- Сіздердің қарауларыңызға ҚР Жоғарғы Сотының бірқатар судьясын қызметтен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Мемлекет басшысының 2026 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес, Жоғарғы Соттың судьялары Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиев Конституциялық Соттың судьялары болып тағайындалды. Бұдан бөлек, Марина Геннадьевна Боровик, Нұржан Үсіпханұлы Қайыпжан, Валерий Владимирович Ноздрин және Мәдениет Жақанқызы Омарбекова құрметті отставкаға шығуға тілек білдірді. Олардың әрқайсысы бірнеше ондаған жылдар бойы заң мен әділдікке қызмет етуге өз өмірлерін арнады. Олар – отандық сот төрелігінің дамуына зор үлес қосқан, судьялық қызмет жолын адал әрі абыроймен атқарған жоғары білікті мамандар. Барлық судьялар сот қауымдастығында зор құрмет пен жоғары беделге ие. Құрметті депутаттар, Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауларыңызды сұраймыз, - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов.
Жалпы отырыс барысында депутаттар бұл ұсынысқа қолдау білдірді.