07.10.2026, 17:20

«Интимді суреттеріңді таратамын»: Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін бопсалаған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазіргі уақытта оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Алматы тұрғыны бұрынғы сүйіктісіне хабарласып, интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп қорқытқан. Іске полиция қызметкерлері араласты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласының тұрғыны түнгі уақытта «102» арнасына хабарласып, бұрынғы жігіті жеке суреттерін интернетке жариялаймын деп қорқытып жүргенін айтып, көмек сұраған.

«Оқиға орнына Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері барды. Тексеру барысында жастар арасында жанжал туындағаны анықталды. Мән-жайды анықтау үшін екеуі де Алмалы аудандық Полиция басқармасына жеткізілді», – делінген Полицияның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Қазіргі уақытта оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша полиция тарапынан тиісті шаралар қабылданады.