07.10.2026, 18:00

Қазақстандықтардың ЖСН нөміріне қатысты шұғыл мәлімдеме жасалды

Фото: ашық дереккөз

Полиция түсіндіргендей, азаматтар тек атын, әкесінің атын немесе тегін ауыстыра алады, алайда, өмірде бір рет берілетін ЖСН өзгермейді.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жеке сәйкестендіру нөмірін өзгертуге қатысты мәлімдеме жасап, желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Полиция түсіндіргендей, азаматтар тек атын, әкесінің атын немесе тегін ауыстыра алады, алайда, өмірде бір рет берілетін ЖСН өзгермейді.

«Әлеуметтік желілерде ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің тегі, аты, әкесінің аты және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы. Алайда ІІМ нақтылағандай, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгермейді», - деп хабарлады полиция.

Тегтер: полиция ЖСН