08.10.2026, 07:30

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: қар, көктайғақ және қатты жел күтіледі

Фото: Wallpapermania.eu

Солтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар, кей өңірлерде қатты жел, тұман және өрт қаупі күтіледі. 

Қазақстанның бірқатар өңірінде 8 қазанға ескерту жарияланды. Синоптиктер кей аймақтарда қар, көктайғақ, тұман және 30 м/с-қа дейін жететін қатты жел болатынын ескертті. Алдағы үш күнде күн суытып, кей жерлерде үсік жүреді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жетісу облысында түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Облыстың солтүстігінде түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Түркістан облысында күндіз солтүстікте оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде таулы аудандарда топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыс және батыс желі күшейеді. Түнде және таңертең желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Көкшетауда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз ек піні 23 метрге дейін болады.

Абай облысында желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Семейде де желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23 метрге дейін барады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста жаңбыр жауып, қарға ұласады. Көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз шығыс пен таулы аудандарда жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 30 метрден де асуы ықтимал.

Қарағанды облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге , күндіз кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді. Қарағандыда күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз кей уақытта 23-28 метрге дейін күшейеді. Облыстың бірқатар аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай болады. Батыс желінің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Петропавлда да жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Астана қаласында оңтүстік-батыс желі соғады. Оның екпіні секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең кей уақытта 23 метрге дейін жетеді.

Сонымен қатар Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында да қолайсыз ауа рай ына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктердің 8-10 қазанға арналған болжамына сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр аралас қар, көктайғақ және үсік күтіледі. Сонымен қатар жекелеген аймақтарда ауа температурасы +27°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.