08.10.2026, 14:20

Астанада әйел көшеде көз жұмды: жедел жәрдем 18 минуттан кейін жеткен (ВИДЕО)

Фото: Видео скриншот

Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.  

Астанада әйел көшеде көз жұмды. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенге дейін куәгерлер оған көмек көрсетуге тырысқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, өтіп бара жатқан адамдар әйелге жасанды тыныс алдыру жасап, жүрекке массаж жасаған. Жедел жәрдем бригадасы шамамен 18 минуттан кейін жетіп, реанимациялық шараларды жалғастырған.

Алайда дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медицина қызметкерлері әйелді өмір белгілерінсіз күйде анықтап, биологиялық өлімді констатациялаған.

Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.