08.10.2026, 16:50

«Балалар батпақ кешіп мектепке барады»: Алматы тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті

Фото: Видеодан алынған кадр

Әсіресе күн сайын осы жолмен мектепке қатынайтын балалар қиналып жүр.

Алматының Қайрат шағынауданындағы Сыбызғы көшесінің тұрғындары жолдың жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, Tamarix тұрғын үй кешенінің маңында жүргізілген абаттандыру жұмыстарынан кейін жол жиегінде топырақ пен саз балшық қалған. Жаңбыр жауған сайын бұл аумақ лайсаңға айналып, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіреді.

Әсіресе күн сайын осы жолмен мектепке қатынайтын балалар қиналып жүр. Тұрғындар Алматы әкімдігінен мәселені шешіп, жолға асфальт төсеуді немесе жаяу жүргіншілерге қауіпсіз жол салуды талап етіп отыр.

Әзірге жауапты мекемелердің бұл шағымға қатысты қандай шара қабылдайтыны белгісіз. Видео: @almaty__press