Алматыда Сейфулин көшесіндегі №64 қос қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекова мәлім етті.
Оның айтуынша, өрт таңғы сағат 4-те тұтанған. Қызыл жалын бірінші қабаттағы пәтерден басталып, 40 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтап үлгерген.
—Төтенше жағдай салдарынан екі адам зардап шекті. Бірі - осы үйдің тұрғыны ауруханаға барудан бас тартты. Сондай-ақ, бас сүйегіне зақым келген полиция қызметкері жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 50 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, — деді Г.Дәуренбекова.
Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталуда.