$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстанның 37 азаматын ұстады

Ұсталған азаматтардың жас шамасы 18 бен 50 жастың аралығында, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, «Достық - 2014» шекаралық операциясының аясында «Турбат» заставасының шекара наряды Алтынтөбе және Қаржан елдімекендерінде рейд жүргізіп, заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 37 азаматын ұстады, ұсталғандардың жас шамасы 18 бен 50 жастың аралығында, тексере келгенде жеке бастарын растайтын ешқандай құжаттары болмай шықты.

«Аталған дерек бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт аудандық көші-қон полициясы хабарландырылды. Қазіргі уақытта фильтрациялық іс-шаралар жүргізілуде», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Достық - 2014» шекаралық операциясы осы жылдың 22-тамызында басталған болатын, ол үш деңгейде өткізіліп, қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары