$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз?

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қостанай қаласының орталығында ондаған жыл бойы өсіп тұрған ағаштар қурап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Әл-Фараби даңғылының Абай және Алтынсарин көшелері аралығында он шақты ірі ағаш қураған. Олардың басым бөлігі қарағайлар, ал кейбірі кесіліп, орнына шағын шыршалар отырғызылған. Алайда ағаштардың неліктен қурағаны және олардың орнына не себепті дәл осы көшеттер таңдалғаны белгісіз. Қала ортасындағы жасыл желектің азаюы Қостанай әкімдігінің ағаштарды күтіп-баптау жұмысын қаншалықты қадағалап отырғанына қатысты сұрақ туғызады. Оның үстіне өзге ағаштар да қурап жатқанда, әкімдік бұл мәселенің себебін қашан анықтап, қандай шара қабылдайды?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0