$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Ақтаудағы 17-шағынауданда орналасқан №51 үйдің алдындағы ойын алаңында бүлдіршін ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тұрғындардың айтуынша, сырғанақтың темірі мен ағашының арасы ашылып, баланың саусағы қысылып, кесіліп кеткен. Оқиғадан кейін тұрғындар ойын алаңындағы құрылғылардың қауіпті екенін айтып, дабыл қақты. Олардың сөзінше, әткеншектердің көбі сынып, жарамсыз күйге түскен, ал жаздың басында осы жерде тағы бір бала жарақат алған. Тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне жауапты мекемелер неге ойын алаңдарын уақытылы тексермейтінін сұрап, Ақтау әкімдігінен шара қабылдауды талап етті. Әзірге әкімдіктің аталған жағдайға қатысты ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0