$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Қазақстандық белгілі адвокат Ғабит Өмірбек қайтыс болды

Қайғылы хабарды журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал заңгер әрі адвокат Ғабит Өмірбек өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы хабарды журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Оның сөзінше, заңгердің қайтыс болғанын жақындары хабарлаған.

«Құдайым-ай, сене алар емеспін. Ғабит досымыздан айырылып қалдық. Жаңа ғана әпкесі хабарласып айтты. Жап-жас еді, қаншама арман-мақсаты бар еді. Ол батыл заңгер, мықты маман, өте жақсы азамат еді. Сюжеттерімнің қаншама кейіпкеріне тегін көмек көрсетіп, “Қандай көмек керек?” деп жанашырлық танытып жүгіріп жүретін өте жақсы адам еді», – деп жазды журналист.

Ғабит Өмірбек Қазақстанда қоғам назарын аударған істерде жәбірленушілердің құқығын қорғауымен танылған. Ол халықаралық заңгер, адвокат әрі құқық қорғаушы ретінде қызмет атқарып, «Құрметті заңгер» атағына ие болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0