$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Таеквондодан Қазақстан жастар командасының бапкері өмірден өтті

"Ол кәсіби шеберлігімен, алғырлығымен, ерекше мінезімен және спортқа деген адалдығымен әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленді". 

Фото: Sportbugin.kz
Фото: Sportbugin.kz

Қазақ таеквондосының белгілі өкілі, Қазақстанның U21 құрамасының аға жаттықтырушысы Төлеген Темірланұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

 

Төлеген Төлемұратов отандық таеквондоның дамуына елеулі үлес қосып, талай ел чемпиондары мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздарын тәрбиеледі.

"Ол кәсіби шеберлігімен, алғырлығымен, ерекше мінезімен және спортқа деген адалдығымен әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленді.

Марқұмның қазақ таеквондосының өркендеуіне қосқан үлесі мен бапкерлік жолындағы еңбегі ұмытылмайды. Оның тәрбиелеген шәкірттерінің жетістіктері мен жарқын ізі спорт тарихында сақталады", - деп жазады sportbugin басылымы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0