Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады.
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 29 қазан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, қар түседі. Аяз -6 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың бес өңірінде 1-6 градусқа дейін аяз болады:
"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, бірқатар өңірде өрт шығу қаупі жоғары болады: