$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Ақтауда науқастың әкесі дәрігерге шабуыл жасады (ВИДЕО)

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде кішкентай науқастың әкесі балалар хирургіне шабуыл жасады. Бұған дәрігердің баланы тексергеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін айтуы себеп болған.

Аурухананың мәліметінше, ер адам кенеттен үстелді теуіп, кейін дәрігердің жағасынан алып, мойнынан ұстаған. Бөлімде болған адамдар шабуыл жасаған азаматты дәрігерден әрең ажыратқан. Оқиға орнына полиция шақырылған.

Шабуылға қарамастан, хирург келесі күні жұмысқа оралып, кезекшілікке шыққан.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Ер адамға қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

Қазақстанда 2026 жылғы 7 наурыздан бастап медицина қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қоқан-лоқы мен зорлық-зомбылықтан қорғайтын Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы қолданысқа енгізілді.

Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылық жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал шабуыл дәрігердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда жаза мерзімі 12 жылға дейін жетуі ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0