$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

«12 жылға сотталуы мүмкін»: Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды

Бұл туралы заңгер Дәулетхан Ахметов мәлімдеді. 

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде «Шерзат ісіне» байланысты жазған өлеңдерімен танылған жас ақын Ербол Бықыбаев Тараз қаласында ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы заңгер Дәулетхан Ахметов мәлімдеді. 

Заңгердің хабарлауынша, ақынға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни терроризмді насихаттау дерегімен күдік келтірілген.

Дәулетхан Ахметов аталған бапта көзделген жаза қатаң екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл құқық бұзушылық үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, Ербол Бықыбаев әлеуметтік желіде патриоттық мазмұндағы жырларымен танылған. Әсіресе, «Шерзат ісіне» қатысты жазған өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тараған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#ұсталды #ақын