$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

15 қараша Ұлттық валюта – теңге күні

Ұлттық валюта өткен жылдар ішінде айтарлықтай даму жолынан өтті.

Фото: ИИ
Фото: ИИ

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізді. Бұл тарихи қадам еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, дербес қаржы-экономикалық жүйесін қалыптастыруға жол ашты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ұлттық валюта өткен жылдар ішінде айтарлықтай даму жолынан өтті. Бүгінде ақшаның дәстүрлі түрлерімен қатар цифрлық теңге де қолданысқа енгізіліп жатыр. Бұл қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, төлем жүйесін жеңілдетуге және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

Биыл күшіне енген жаңа Конституцияда теңгенің мәртебесінің бекітілуі де ерекше маңызға ие. Осылайша, ұлттық валютамыз конституциялық мәртебеге ие болып, теңгенің Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша рөлі айқындала түсті.

Теңге – тәуелсіздігіміздің тұғырлы нышаны, елдің эконо­микалық дербестігін айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Төл валютасы бар мемлекет қана өз ақша-несие саясатын жүр­гізіп, қаржы жүйесінің тізгінін қолға алады.

Елімізде цифрлық теңге мемлекеттік қаржыны басқаруда қолданыла бастады. Ұлттық банк ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін 340,4 млрд теңгеден астам цифрлық теңге шығарған. Жаңа технология бюджет қаражатының қайда әрі қандай мақсатқа жұмсалғанын бақылауға мүмкіндік береді.

Қолымызға теңге ұстағанда әуелі оның құнына қараймыз. Ал бетіндегі бейнені кім салғанын, әр өрнегіне қандай мән берілгенін ойлай бермейміз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында төл ақшамыздың келбетін жасау санаулы суретшіге сеніп тапсырылғаны белгілі. Олар ұлттың тарихы мен рухани болмысын, тәуелсіз елдің келбетін алақандай қағазға сыйғызуы керек еді. Ендеше, ұлттық валютаның алғашқы нобайлары қалай жасалғанын, банкноттардағы тарихи тұлғалардың бейнесі қалай таңдалғанын еске түсірейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0