$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Балалар арбасын автобуста жинау міндетті ме? Министр ережені қайта қарауға жіберді

Министрдің айтуынша, мүмкіндік болса, арбаны жинап қоюға болады.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Қазақстанда қоғамдық көлікке балалар арбасымен мінуге тыйым салынбаған. Көлік министрі ата-аналардың сауалдарына әлеуметтік желіде жауап беріп, арбаны жинау міндетті емес екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Министрдің айтуынша, мүмкіндік болса, арбаны жинап қоюға болады. Ал бала арбада отырса немесе ұйықтап жатса, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, арбаны жиналмаған күйінде алып жүруге болады.

«Ешкім ата-ананы кішкентай баласымен жүргені үшін арбасын жинауға немесе автобустан түсуге мәжбүрлей алмайды», – деп жазды министр.

Сондай-ақ министр ата-аналардың өтініштерін ескеріп, ережелердің екіұшты түсіндірілуіне жол бермеу үшін оларды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#балалар