Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы жағдай 14 қарашада Зеренді ауданына қарасты Елікті ауылының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, К-700 маркалы трактор аударылып кеткен. Салдарынан кабинада болған жүргізушіні ауыр техника басып қалып, ер адам оқиға орнында қайтыс болған.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.