$ 444.4 € 488.97 ₽ 5.39

Алматыда өрт сөндіру көлігі жол апатына түсіп, бір адам қаза тапты

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

17 қарашада сағат 00:40 шамасында Тимирязев және Әуезов көшелерінің қиылысында өрт сөндіру қызметінің арнайы көлігі мен Toyota Camry маркалы жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт сөндіру көлігі шақырту бойынша арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосып, оқиға орнына бара жатқан. Қиылыстан өту кезінде жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ал арнайы көліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0