$ 444.4 € 488.97 ₽ 5.39

Астанадағы перзентхананың қабырғалары сөгіліп жатыр: Аналар осындай жағдайда босануға мәжбүр ме?

Фото: @rabbit.3190915
Фото: @rabbit.3190915

Астана қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы, 3/1 мекенжайында орналасқан перзентхананың жағдайы жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған суреттерден палатаның қабырғалары жарылып, сылағы түсіп жатқанын көруге болады. Жазба авторының айтуынша, босанған аналар мен жаңа туған нәрестелер осындай жағдайда жатуға мәжбүр. Тіпті ол төсек орындарының тозғанын айтып, ғимараттың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген.

Елордалық әкімдік пен денсаулық сақтау саласына жауапты мекемелер перзентхананың жағдайын неге назардан тыс қалдырған және мұнда соңғы рет қашан жөндеу жүргізілген? Жауапты мекемелер әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме бергені туралы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0