Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан төрт адам зардап шекті. Жол апатынан кейін көліктердің бірі бағанаға соғылып, оның үстіне құлаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 қараша күні сағат 14:30 шамасында Ақсу шағынауданында болған. Toyota Camry мен Daewoo Nexia автокөліктері соқтығысқан. Қатты соққыдан көліктердің бірі жол жиегіне қарай ұшып барып, бағанаға соғылған. Нәтижесінде бағана көліктің үстіне құлап, оны зақымдаған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде төрт адам түрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккендердің барлығы Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар апаттың себептері мен мән-жайын анықтауда.
Сондай-ақ полиция әлеуметтік желілерде тараған апатқа үш көлік қатысты деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ресми дерекке сәйкес, жол апатына екі автокөлік қатысқан.