Әртүрлі бағыттағы жолаушылардың шағымдары SCAT компаниясының қызмет көрсету тәртібі мен жолаушыларға қарым-қатынасына қатысты сұрақ туғызып отыр.
SCAT әуе компаниясының қызметіне қатысты шағымдар толастар емес, жолаушылар рейстердің кешігуіне, қосымша төлемдерге және қызмет көрсету сапасына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
22 қарашада Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан Астанаға ұшуы тиіс рейс екі сағатқа жуық кешіктіріліп, жолаушылардың бірі компания қызметінен көңілі қалғанын жазды.
Ал Мәскеуден Алматыға ұшқан жолаушы ұшақта бос орындар болғанына қарамастан, бірге сапарлаған адамдарды бөлек отырғызып, орын ауыстыру үшін ақша сұралғанына шағымданды.
Тағы бір жолаушы Алматы – Астана бағытындағы рейске 23 келі жүк ақысын алдын ала төлесе де, қосымша сөмкесі үшін тағы ақша шығаруға мәжбүр болғанын мәлімдеді.
Әртүрлі бағыттағы жолаушылардың шағымдары SCAT компаниясының қызмет көрсету тәртібі мен жолаушыларға қарым-қатынасына қатысты сұрақ туғызып отыр.
Жолаушылар қайта-қайта наразылық білдіріп жатқанда, компания басшылығы мен авиация саласына жауапты құзырлы органдар бұл мәселелерге қашан нақты назар аударады? Дереккөз: @akkenzhe.o.m, @llluiko, @3dreamalmaty. https://www.threads.com/share/BAWXa0exjI