$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Құбыр тартамыз деп көшені батпаққа айналдырған: Қарағанды облысында тұрғындар үйлерінен шыға алмай отыр

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қарағанды облысының Новодолинский кентінде тұрғындар су құбырын тартқан мердігердің жұмысына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жазда Григорий Потанин көшесін қазған мердігер жолды қалпына келтірмей кеткен. Салдарынан көшедегі батпақтың тереңдігі 20 сантиметрге жетіп, тұрғындардың жаяу жүруі де, көлікпен қатынауы да қиындаған. Тұрғындардың айтуынша, жолды тегістеу туралы өтініштерін мердігер елеусіз қалдырса, әкімдік бюджетте қаражат жоқтығын алға тартқан. Былтыр да кенттің басқа бөлігінде дәл осындай жағдай болып, тұрғындар жұмысқа шыға алмай қалған. Жыл сайын қайталанатын мәселені шешпей отырған әкімдік мердігердің жұмысын неге бақылауға алмаған?
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0