27.11.2026, 11:30

«Жаңбыр жаумаса екен деп тілейміз»: Астана тұрғындары батпаққа батқан көшеге асфальт төсеуді сұрайды

Фото: @aisafi_prvt

Астана қаласындағы Е430 көшесінің тұрғындары жолдың нашар жағдайына шағымданды. Жаңбыр жауған сайын көше батпаққа айналып, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қиындық туғызып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, балалар арбасымен көшеден өту мүмкін емес. Жарияланған суреттен көпқабатты тұрғын үйлердің маңындағы жолдың асфальтталмағанын, шалшық су мен батпаққа толғанын көруге болады.

Тұрғындар қала әкімдігінен аталған көшеге асфальт төсеуді сұрап отыр. Елордада көпқабатты үйлер салынып жатқанымен, тұрғындардың күнделікті қатынауына қажетті жол мәселесі неге қатар шешілмейді?