Алматыда хайуанаттар бағына апаратын Есенберлин көшесінің тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының сапасына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олардың айтуынша, құрылыс жұмыстары кемінде жарты жылға созылған. Жаз басталғалы көше бірнеше рет жабылып, тұрғындар кейде өз үйлерінен көлікпен шыға алмай қалған. Алайда ұзақ күткен жөндеуден кейін жолдың бірнеше тұсында асфальт опырылып, терең шұңқырлар пайда болған. Оның үстіне, қақпағы ашық қалған құдықтардың айналасына қоршау қойылмаған, бұл жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр.
Алматы әкімдігі жол жөндеу жұмыстарының сапасын қалай қадағалап отыр және мердігердің кемшіліктері қашан жойылады?
Дереккөз: @ssapunovaa