27.11.2026, 21:30

Алматыда 29 қараша күні қоғамдық көлік тегін жүреді

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Тегін жол жүру мүмкіндігі сайлау күні қала тұрғындарының қатынауын жеңілдету мақсатында енгізілген.

Алматыда 29 қараша күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл шара мәслихат депутаттарын сайлау күніне орай ұйымдастырылып отыр,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Осы күні тұрғындар мен қала қонақтары барлық автобус, троллейбус және метроны ақысыз пайдалана алады. Қоғамдық көліктер күні бойы тегін жүреді.

Тегін жол жүру мүмкіндігі сайлау күні қала тұрғындарының қатынауын жеңілдету мақсатында енгізілген.