28.11.2026, 15:20

Жаз бойы жөнделген жол әлі ашылмаған: Алматы тұрғындары әкімдікке наразы

Фото: Видеодан алынған кадр

Желі қолданушысының айтуынша, жолдың жабық бөлігі 17 қарашада ашылуға тиіс болған

Алматыдағы Құлжа тас жолының жөндеу жұмыстары созылып, тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желі қолданушысының айтуынша, жолдың жабық бөлігі 17 қарашада ашылуға тиіс болған. Алайда белгіленген мерзім өтіп кетсе де, көлік қозғалысына қойылған шектеу алынбаған.

Тұрғындар жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанына және күн сайын қалаға қатынаудың қиындағанына шағымдануда. Жаз бойы аяқталмаған жөндеу жұмыстарының қыс мезгіліне ұласуы жұрттың ашуын туғызды.

Енді тұрғындар әкімдіктен жолдың нақты қашан ашылатынын түсіндіруді талап етіп отыр.

Видео: @_togzhann14