28.11.2026, 13:30

Кеше салынған, бүгін опырылған: Алматыда жаяу жүргіншілер жолы жарамсыз күйге түсті

Фото: Видеодан алынған кадр

Видео авторының айтуынша, бұл жол жақында ғана салынған.

Алматыда жаяу жүргіншілер жолының бір бөлігі опырылып, төсемтастар жерге шөгіп кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолдың бірнеше тұсында терең шұңқыр пайда болғанын көруге болады.

Видео авторының айтуынша, бұл жол жақында ғана салынған.

Аталған жағдай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіріп қана қоймай, атқарылған құрылыс жұмыстарының сапасына да күмән келтіреді. Қала әкімдігі мердігерлердің жұмысын қалай қадағалап, жаңадан салынған жолдардың сапасын қалай тексеріп жүр деген сұрақ туындайды. 

Жолдың опырылу себебі мен жөндеу жұмыстарының қашан жүргізілетіні әзірге белгісіз.

 

 

Дереккөз: @nurgissa_sakov