$ 458.13 € 502.29 ₽ 5.58

Қар, боран, көктайғақ: 30 қарашада бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болжанып отыр. 

Фото: ngs24.ru
Фото: ngs24.ru

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 30 қарашада елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болжанып отыр. Қарағандда түнде қар, күндіз аздаған қар жауады. Жаяу бұрқасын.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын. Жезқазғанда түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болжанып отыр.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Таулы аудандарда қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматыда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, кей уақыттарда тұман түседі. Қонаевта кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман болады. Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақыттарда қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Өскеменде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Абай облысында түнде қар жауып, бұрқасын соғады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Семейде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда да түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15-18 м/с-қа жетеді. Павлодарда түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Таулы аудандарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қалың қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавлда күндіз аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада кей уақыттарда тұман түседі.

Астанада түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0