Жоспарлы жұмыстарға байланысты жарық бірнеше кезеңмен сөндіріледі.
30 қараша, дүйсенбі күні Астананың бірқатар көшесі мен тұрғын үйінде электр энергиясы уақытша ажыратылады. Бұған жоспарлы жөндеу және резервтік қуат көздерін тексеру жұмыстары себеп. Электр қуатын өшіру кестесін iKomek 109 байланыс орталығы жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жоспарлы жұмыстарға байланысты жарық бірнеше кезеңмен сөндіріледі.
Сағат 08:30-дан 12:00-ге дейін 0,4 кВ кабель желісін қосу жұмыстарына байланысты Павлов, Дүкенұлы, Жүнісов көшелері мен Бөгенбай батыр даңғылында электр қуаты болмайды.
Сағат 08:30-дан 16:30-ға дейін Әуезов көшесіндегі 25, 27, 29-үйлерде және Бөгенбай батыр даңғылындағы 48, 50-үйлерде жарық өшіріледі.
Янушкевич көшесіндегі 10-үйде күштік кабельді қосу жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі: 08:30-дан 13:00-ге дейін және 13:00-ден 16:30-ға дейін.
Сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін резервтік электрмен жабдықтау жүйесін тексеруге байланысты мына мекенжайларда жарық болмайды:
Сауран көшесі, 12/2;
Ақмешіт көшесі, 3;
Сәтбаев көшесі, 20;
Алтыбақан көшесі, 1;
Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12/1;
Қабанбай батыр даңғылы, 46, 46а, 46б, 46/1.
Ал сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін Сығанақ көшесіндегі 52, 52/1, 52/2, Қабанбай батыр даңғылындағы 38/1, 38/2, 38/3, Төле би көшесіндегі 24 және Тұран даңғылындағы 55/6, 55/7 мекенжайларында электр қуаты уақытша ажыратылады.
Мамандар тұрғындарға электр құрылғыларын алдын ала желіден ажыратып, жоспарлы шектеулерді ескеруді ұсынады.