$ 447.4  477.55  4.76

Семейде үш жүк вагоны рельстен шығып кетті

Бүгін Семейде үш жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, таңертең сағат 8:15-тер шамасында Семей стансасының темір жолында маневрлік жұмыстар кезінде үш вагон рельстен шығып кетті. Үш вагонның біріне кірпіш тиелген, қалған екеуі бос болған.

«Оқиғаның себептері анықталуда. Апат жолаушылар пойыздарының жүруіне кедергі келтірмеді, жапа шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта рельстен шыққан вагондар көтерілуде. Оған ҚТЖ-ның 35 жұмысшысы тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары