$ 448.89  477.93  4.76

Тәуелсіз сараптама қазақстандық экс-шенеуніктің денесінен еш жарақат таппады

Тәуелсіз сараптама еліміздің бұрынғы ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтің денесінен еш жарақат таппады, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков мәлім етті.

— Өткен жылдың қарашасында айыптау үкімі заңды күшіне енді және ол (С.Баймағанбетов) сотталған бұрынғы құқық қорғау органдары қызметкерлері мен соттар қамауда ұсталатын АК-159/6 колониясына жеткізілді. Аталған колонияға жеткізілгеннен кейін бұйрыққа және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ол қабылданып, толық тінтуден өтті. Осындан кейін ол 15 тәулікке дейн қамауда болатын карантиндік бөлмеге қамалды. Дәл сол күні адвокаттар тарабынан оны қорлады, мазақ қылды, дене жарақатын салды деген арыз түсті, — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, оқиға орнына өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері барып, тыңғылықты тергеу жұмыстарын жүргізді. Олардың қорытындысына сәйкес қылмыстық іс жүргізуден бас тарту туралы қаулы қабылданды. С.Баймағанбетов тарабынан үш шағым түскен. Осыдан кейін көшпелі тәуелсіз сот-медициналық сарапшылары барып, сотталушыдан еш дене жарақатын таппаған.

Т.Жәнібековтің сөзіне қарағанда, осы тақырыпқа қатысты БАҚ-та жарық көрген барлық жарияланымдар өткен жылғы оқиғалар төңірегінде өрбіген. Соңғы уақытта С.Баймағанбетов тарабынан еш шағым түспеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары