$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

28 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, солтүстік, солтүстік-батыс жақта ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, кейбір аудандарда тұман түсуі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

«Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе облысында түнде күн күркірейді. Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күшті ыстық болады», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары