$ 446.49  475.38  4.79

Байқоңырда «Протон-М» зымыранын ұшыруды қайта жандандырмақ

«Роскосмос» Байқоңырда «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруды қайта жандандырмақ, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Луч» ғарыштық қондырғысымен жабдықталған «Бриз-М» үдету блогымен ұшырылатын «Протон-М» зымыранын 28 қыркүйекте ғарыш кеңістігіне ұшыру жоспарланып отыр», делінген «Роскосмотың» мәлімдемесінде.

Бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан мамыр айында сәтсіз ұшырылған зымыраннан кейінгі алғашқы әрекет.

Еске сала кетсек, мамырда «Экспресс» байланыс серігі бар «Протон» зымыран тасығышы сәтсіз ұшырылып, үшінші сатыдан жіктелуде жерге құлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары