$ 446.49  475.38  4.79

Ресейлік арна Тоқаевты төбелес шығарған кәсіпкермен шатастырып алды

Ресейліктер Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты төбелес шығарған адаммен шатастырып алды, деп хабаралайды КТК телеарнасы.

Мәскеулік дәрігерді соққыға жыққан қазақстандық кәсіпкер туралы хабарлаған ресейлік телеарна «төбелесті бастаған осы» деп Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін күллі елге жариялап жіберген.

«Тілшілер оны қымбат машинаға мініп, жедел жәрдем көлігіне жол бермеді деп жерден алып жерге салған. Сөйтсе, фельдшерлермен төбелескен Жомарт Каменов деген кәсіпкер екен. Жаңа қазақ «Ролс ройсына» жол бермеген дәрігерлерді көше ортасында ұрып жіберген», делінген телеарна сюжетінде.

Жалпы, ресейлік тілшілердің қазақстандық танымал тұлғаларды бұл бірінші шатастыруы емес. Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов орыс телекөрерменіне белгілі әнші ретінде танылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары