$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда жезөкшелер ордасына айналған сегіз қонақ үй жабылды

Алматыдағы Түрксіб ауданында орналасқан 8 қонақүйде ақылы түрде жыныстық қызмет көрсетіліп келгені анықталды деп хабарлайды «Қазақпарат».

Әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот аталған мекемелерді жабу туралы үкім шығарады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтты.

Оның айтуынша, бұл қонақ үй кешендерінде бұрын да бірнеше рет жезөкшелер ордасы әшкереленген.

Полиция қызметкерлері аталған мекемелердің әкімшілері мен басшыларына ескертулер жасаған.

— Нақтырақ айтқанда, олардың әрекеті Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 341-1 бабында көрсетілген заңбұзушылыққа жатады (жезөкшелікпен айналысуға бөлме беру) Соттың шешіміне сәйкес, қонақ үйлердің жұмысы 6 айдан 1 жылға дейін тоқтатылды. Алайда, оған қарамастан қонақ үйде ақылы түрде жыныстық қызмет көрсету астыртын жүзеге асып отырған. Олардың бірінің маңдайшасында «Асхана» деген жазу ілінген, — деді Салтанат Әзірбек.

Қазір профилактикалық шара ретінде қаладағы барлық көңіл көтеру мекемелерінде, қонақ үйлерде, Сейфуллин көшесіне жақын орналасқан үйлерде рейдтер жүргізілуде.

Биыл жыл басынан бері Алматыда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 341-1 бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға бөлме беру) 83 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 19 млн теңге айыппұл төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары