$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте бас дәрігер парамен ұсталды (ВИДЕО)

Шымкентте бір аурухананың бас дәрігері пара алған жерінен ұсталды. Бұл жөнінде 52 жастағы мейірбике полиция қызметкерлеріне арызданған, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Мейрбикенің айтуынша, бас дәрігер 90 мың теңге бопсалапты. Осылайша қызметкеріне берілген сыйақыдан үлес дәметсе керек.

«Осы факті бойынша облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және Абай полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, сол аурухананың бас дәрігерін пара алып тұрған жерінен өз кабинетінде ұстады. Оның сөмкесінен 47 мың теңге тәркіленген. Бұл ақшаның нөмірлері арнайы есепке алынған тізімдегі ақшамен сәйкес келіп отыр», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдіктінің кәмелет жасына толмаған төрт баласы бар екені ескеріліп, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары