$ 448.15  483.46  4.86

Қызылорданың тұрғын үйлерінде жылан көптеп кездесуде

Күні кеше қауіпті жәндік қаланың Журба көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен шықты, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Жылан үйдегі ас бөлмеден шыққан. Үй иелері абдырап қалмай, дереу құтқарушыларды шақырыпты. Оқиға орнына келген «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының» сарбаздары улы жәндікті ұстап алды. Ол ешкімді шағып үлгермеген.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жыландар қаладағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерде көптеп табылуда. Құтқарушылар осы уақытқа дейін қаладағы №233 мектеп пен бірнеше үйге кіріп кеткен жыланды ұстаған еді. Өкінішке қарай, жылан шағу фактілері де жоқ емес. Өткен айда бес адам қауіпті жәндіктен жапа шекті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары