$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда АИ-95 бензині талонмен сатыла бастады

Алматы қаласында бүгін, 28 тамыздан бастап АB-95 маркалы бензин де тек талон арқылы сатыла бастады, деп хабаралайды Азаттық.

—Тек Алматы қаласында ғана АB-95 маркалы бензинін бөлшек саудада сатқан кезде шектеу шаралары енгізілді. Бұл облыстарға қатысты емес, — деді «ҚазМұнайГаз өнімдері» компаниясына қарасты мұнай өнімдерін сату департаментінің өкілі.

Бұған дейін «Royal Petrol» компаниясына қарасты жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынына шектеу қойлып, тек талонмен сатыла бастаған еді.

Бірақ Алматыдағы «Sinooil», «Helios», ресейлік «Газпромнефть» компанияларының жанармай құю бекеттерінде бұл маркалы бензиндерді сатуға шектеу қойылмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары