$ 494.87  520.65  4.91

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізбек

Қытайда есірткімен ұсталған 20 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізбек. Бұл туралы Ақжарқынның Қазақстан Республикасындағы қорғаушысы, заңгер Сұңқар Нұрмағамбетов айтты деп, хабарлайды «Қазақпарат».

Естеріңізге сала кетейік, Қытайға шыққан алғашқы сапарында 20 жастағы қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның сөмкесінен қытай полицейлері есірткі тапты.

Сол уақыттан бері Ақжарқын Қытайдағы уақытша тергеу изоляторында жатыр. Анасы қызын біреулер сазға отырғызғанын айтады.

Қазір Ақжарқынның құқығын Қытайда екі адвокат, Қазақстанда 1 адвокат қорғайтыны белгілі болды.

— Баспасөз конференциясы қыркүйек айында өтеді. Қай күні екені әзірге белгісіз. Қытайдағы қорғаушылар өздерінің келетіндерін айтты, — деді С.Нұрмағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары