Бүгін ірі шаһардың Алмалы ауданында оқыс жағдай орын алды. Екі кісіні тоқ ұрып жарақаттанып қалды, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы «Куәгер» бағдарламасы.
Болжамдарға сүйенсек, ер адамдар Розыбакиев көшесінде орналасқан трансформатордың ішіне жайдан-жай түспеген. Олар қажетті құрал-саймандармен қаруланып жәшікті ашып, оның ішіндегі электр құрылғысының мыстан жасалған бөлшектерін алып кетуге тырысқан сыңайлы.
Ер адамның екеуі де ауыр дене жарақаттарын алды. Оларды ауыр халде қалалық ауруханалардың біріне жеткізді. Ал аудандық ІІБ-ның жедел тергеу тобы оқиғаның орын алуына не себеп болғанын анықтауға кірісті.