$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанда шекаралық режимді бұзғандар ұсталды

Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік нөмірсіз екі машинаны мініп жүрген еліміздің азаматтарын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, Күршім шекара отрядына қарасты «Маралды» шекара заставасының наряды «Кравды» сайында екі бірдей «УАЗ-452А» автомашинасын нөмірсіз мініп жүрген еліміздің 7 азаматын ұстады. Айтуларына қарағанда «кордицепс» дәрілік шөбін жинап жүріпті.

«Тексере келгенде ұсталғандардың қолында өздерінің жеке бастарын растайтын ешқандай құжаттары болмай шықты. Шекара режимін бұзып жүргендерді шекара заставасына алып бара жатқан кезде, олардың арасындағы Теректі ауылының тұрғыны машинаны тоқтатып, «конфликтілі жағдай» жасауға әрекеттенді, оның мақсаты осындай сәтте ұсталғандар ауылға қарай қашып құтылсын деген ой болатын. Дегенмен, шекара наряды шөп жинаушыларды да, төбелес шығармақшы болған «Е» есімді тұрғынды да ұстады», делінген хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты фильтрациялық іс-шаралар жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары