$ 494.87  520.65  4.91

Биыл Қостанай облысында 25 орман өрті тіркелген

Қостанай облысында биылғы жылы жалпы аумағы 968 га болатын 25 орман өрті тіркелген, деп хабарлайды Baq.kz. Бұл жөнінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Төлеубаев аппарат жиналысында мәлімдеді.

Басқарма қазіргі уақытта көгалдандыру мәселесіне ден қойып отыр. Осыдан бірер жыл бұрын 85 пайызға техникалық парк жаңартылған болатын. Қазір өртке қарсы техника құралдары толығымен әзір. Десе де өрттің қатары азаймай тұр. Облыс әкімі Н.Садуақасов өрттен зардап шеккен алаңдарды қайта көгалдандырып, орманға барып демалатын көпшілікпен жұмыс істеу керектігін ескертті.

Облыс көлемінде 23 орман өрт станциясы бар екен. Станция — түрлі техникамен жабдықталған. Әуе кемесі — тікұшақпен орманды алқаптардың 46 пайызын күзету жүргізіледі. Авиакүзеттен өзге, орман қорының аумағында өрт-қадағалау бағаналарының жердегі желісі орналастырылған. Биылғы жылы ең ірі өрт көктем кезінде Басаман шаруашылығында болса, тағы бір жағдай найзағайдың кесірінен тұтанды.

Орманда қауіпсіздік жағдайларын сақтамағандарға қарсы 26 хаттама толтырылған. 2 адам кінәлі деп табылған. 26 әкімшілік айыппұл салынған, 24 іс құқық қорғау органдарына тексеруге жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары