Шағын кемеде балық аулап отырған Атырау облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 24 тамызда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облысаралық «Жайық-Каспий» балық шаруашылық бассейн инспекциясы қызметкерлері балық қорғау шараларын өткізу барысында Казанка-2М КАТ-0640 тұрпатты шағын кемеде Атырау облысының екі тұрғынын ұстады.
«Тексеріс барысында 45 келі болатын 8 дана бекіре тұқымдас балық түрлері анықталып, алынды», делінген хабарламада.
Қазіргі таңда материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.