$ 444.32  473.33  4.76

«Алтын диірмен» комбинатында өрт шықты

Алматыдағы «Алтын диірмен» құрама жем комбинатында өрт шықты, деп хабаралайды «Қазақпарат» қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт реконструкцияға жабылған цехті қамтып, 500-ге тарта шаршы метр аумақты шарпыды. Жалын ғимараттың бірінші қабатынан басталып, төртінші қабатқа дейін жетті. Қазір өрт ауыздықталды.

Жапа шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.

Осыған дейін 18 маусымда аталған комбинаттың жапсарлас салынған ғимаратының төбесі өртеніп, тілсіз жау 220 шаршы метрді шарпыған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары