$ 444.22  476.38  4.82

Астанада Кравцов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгіннен бастап 1 қыркүйекке дейін Кравцов көшесінің Ташенов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, аталған жолда асфальт-бетон жабынын салу жұмыстары жүргізіледі. Көлік қозғалысы тиісті жұмыстар аяқталған соң жандандырылады.

«Кептелісті болдырмау мақсатында жүргізушілерден маршрутты алдын ала белгілеп, осы учаскені айналып өтуін сұраймыз», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары