$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстанда алтынмен апталған iPhone сұранысқа ие болды

Бұған дейін бар-жоғы 5 данамен шығарылған Caviar Kazakistan алтынмен апталған смартфондар бір күннің ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Сұраныстың артуына байланысты италиялық Caviar қымбат әшекейлі бұйым жасаушы компаниясы тағы 97 дана алтынмен апталған iPhone смартфондарын әзірлеп жатыр.

Бағалы телефондардың 97 дана болып шығарылуы да бекер емес. Астанадағы «Бәйтеректің» биіктігіне тура келеді екен.

Еске сала кетсек, Caviar Kazakistan телефонының сыртында еліміздің ұлттық белгілері мен Астананың көрікті орындары: Бейбітшілік және келісім сарайы мен Бәйтерек бедерленген. Сырты қымбат металл және тері жабынмен қапталған CAVIAR iPhone 5S-тің жады 64 Гб құрайды.

Бір қызығы, телефон қорабына әдеттегідей «Kazakhstan» деп емес, «Kazakistan» деп жазған.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай қымбат телефонды елімізде даңқты боксшы, Қазақстан бокс федерациясының спорттық директоры, екі дүркін әлем және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сатып алғандығы жөнінде хабар тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары