$ 494.87  520.65  4.91

500-ден астам астаналық полицей Конституция күніне арналған велошеруге қатысты

Бүгін таңғы сағат 7.00 «Атамекен» кешенінен Конституция күніне арналған дәстүрлі велошеру басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталмыш марафонға елордалық полиция бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтың басшылық етуімен бес жүзден астам ІІД қызметкері қатысты.

Марафон «Атамекен» Қорған кешенінің тұрақ алаңынан басталып, Қабанбай батыр даңғылы, Жәнібек-Керей хандар көшесіне дейін, одан әрі елорда көшелерінен және «Мәңгілік ел» монументінде мәреге жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары