$ 449.58  486.94  4.86

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады деп күтілуде. Тек батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай соғады, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды  «Қазгидромет» метео қызметі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, таңертең және күндіз Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумағында жел 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. Атырау, күндіз Қызылорда облыстарындағы кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл болады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең жер-жерде тұман болуы мүмкін.  

Күндіз Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн ыстық болуы ықтимал.

Республиканың оңтүстігінде, батыстың кей жерлерінде, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары